Aktim.kz

Қазақстан Республикасы Алматы қ., 050011, Заветная 41. Тел: 8 (727) 2341092 , e-mail: aktim2013@mail.ru

Школа молодого специалиста

02.02.2023 жылы колледжішілік педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша кезекпен, кезектен тыс 2022-2023 оқу жылында аттестациядан өтуші оқытушылармен семинар өтті. Семинар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж 27 қаңтар 83 бұйрығына енгізілген толықтырулар негізінде өтті.
Семинарды ұйымдастырушы: Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г. С. Идирисбекова

 

06.02.2022 жылы Жас мамандарға арналған «Жас маманның өз білімін жетілдіру папкасын рәсімдеу» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге жас мамандар мен  тәлімгерлері қатысты. Жас мамандар дөңгелек үстел барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып, Өз білімін жетілдіру папкасын рәсімдеу жолдарымен танысты. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: Директордың Әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г. С. Идирисбекова, әдіскер Е. Б. Сатаева

2022 жылдың 24 мамырында Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде тәлімгер ұстаз Сутемгенова Джанат Қыдырбаевнаның ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Білімалушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа озық әдістер» тақырыбында коучинг өтті.
​Коучингте «Ақылдының алты қалпағы» және «Фишбоун» әдістері қолданылды.
​Коучинг өте жоғары деңгейде өтті. Барлық жас мамандар топтарға бөлінді, сол топтар бойынша өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, нәтижесін шығарып, кері байланыс арқылы коучингтен алған әсерлерін ортаға салды.
Колледж директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Идирисбекова Галия Сейдалимовна қорытынды сөзінде жас мамандар өз мәртебесін өзінің кәсібіне деген адалдығымен және шеберлігімен шыңдау арқылы көтеретіндігін айтып, білім беруде түрлі әдістерді қолданып, білімін тереңдетуде аянбай ізденуді ұсынды.

Типология современного урока Целепологание Цель   – идеальное представление  результата деятельности Цель –  заранее  планируемый конечный  результат ТЭЦ

Образовательная цель Развивающая цель Воспитательная цель

  Образовательная цель урока складывается из выполнения следующих  требований:

  1. Научить обучающихся самостоятельно добывать знания;
  2. Осуществлять выполнение главных требований к овладению знаниями: полноту, осознанность, систематичность, прочность;
  3. Формировать умения сочетающие знания и жизненные навыки;

Развивающая цель  урока:    1.Развитие речи (обогащение и усложнение словарного запаса,  усиление коммуникативных свойств речи  и т.д.).

  1. Разитие мышления

— учить анализировать; — учить выделять главное; — учить сравнивать; — учить строить аналогии; — учить доказывать и опровергать; — учить определять и объяснять понятия; -учить разрешать проблемы.

  1. Развитие сенсорной сферы

— развитие глазомера; —  развитие ориентировки в пространстве; — развитие определения точности, тонкости, цвета, света, формы и т.д. 4.Развитие  двигательной сферы

  • овладение моторикой мелких мышц;
  • умение управлять двигательными действиями;
  • развитие двигательной сноровки.

Воспитывающая цель урока:

  • Казахстанский патриотизм (воспитание чувства долга перед Родиной);
  • Духовно-нравственное воспитание (гуманность, товарищество, доброта, дисциплинированность, ответственность, честность)
  • Экологическое воспитание (бережное отношение к окружающей среде)
  • Трудовое воспитание (культура труда)
  • Половое воспитание.

Типология урока: 1-тип. Изучение и первичное запоминание новых знаний и способов деятельности. Форма организации урока: лекция,  беседа,  урок-путешествие. 2-тип. Совершенствие знаний и способов деятельности. Форма организации урока: самостоятельная работа, практикум,  урок открытых мыслей и.т.   3-тип. Комплексное применение знаний и способов деятельности. Форма организации урока: лекция,  беседа, практическое занятие и т.д. 4 -тип. Обобщение и систематизация знаний способов деятельности. Форма организации урока:  сочетание форм первого и второго типов. 5-тип. Урок по проверке, оценке, коррекции знаний и способов деятельности. Форма организации урока: контрольная работа, диктант, изложение, сочинение. Методы обучения:

  • Метод объяснительно-иллюстративного обучения (лекция, семинары, рассказ, беседа, самостоятельная работа над учебным материалом).
  • Метод репродуктивного обучения ( упражнения, практикум, тренинги).
  • Метод проблемно-поискового обучения (проблемное изложение, частично-поисковый, исследовательский).
  • Коммуникативные методы обучения (дискуссия, диалог, метод проектов. презентации).
  • Иммитационно-ролевые методы обучения (имитационные упражнения, деловая игра, организационно-мыслительные игры, анализ конкретной ситуации)

Средства обучения: учебники, учебно-методические пособия, справочники,  электронные учебники,  учебные таблицы, компьютерные обучающие программы. Организационный этап.

  1. Обеспечение благоприятной психологической обстановки.
  2. Доброжелательный настрой преподавателя и обучающихся.
  3. Быстрое включение обучающихся в деловой ритм.

Этап проверки домашнего задания.

  1. Установить правильность выполнения домашнего задания.
  2. Выявить пробелы в знаниях учащихся.
  3. Принять меры для их ликвидации.

Этап актуализации субъектного опыта. Сообщение темы, формулировка  целей. Этап изучения новых знаний и способов деятельности. Обеспечить восприятие, осмысление и первичное запоминание изучаемого материала с использованием эффективных методов обучения. Этап первичной проверки понимания изученного.

  1. Установить обратную связь.
  2. Дополнение и корректировка ответов обучающихся.
  3. Устранение пробелов в знаниях обучающихся.

Этап информации домашнего задания. 1.Дать  индивидуальные задания (по интересам и  по степени сложности). Этап подведения итогов урока.                                                                        Дать качественную оценку работы группы и отдельных обучающихся. Озвучить результаты обу чающихся (этап должен быть четким и кратким). Этап рефлексии. Дать самооценку своей деятельности. Т.е. что нового я узнал? Где смогу применить полученные знания?  Доволен ли я собой? Помните!

  1. Психологи отмечают, что человек максимально усваивает 10% того, что он слышит, 50% того, что он видит, 90% того, что делает сам.
  2. Нужно учитывать, что обучащиеся не могут длительное время путем слушания активно усваивать новый материал. Поэтому через 10-15 минут работыизменять вид работы,  создавая проблемные ситуации.

Заманауи сабақтың құрылымы «Сабақ —  мұғалімнің жалпы және педагогикалық мәдениетінің айнасы» Сухомлинский В.А. Заманауи сабақ оқытушыдан нені талап етеді? — Теориялық және практикалық  білімнің тереңдігін; — кәсіби құзыреттілікті; — шығармашылық ізденісті; — мамандықты білумен қатар педагогиканың  білімнің болуын; — тиісті оқу материалын біліалушының қабылдау ерекшелігіне бейімдеуін; — топтағы әр білімалушының мүмкіндігін ескере отырып, білім алуға  жағдай жасауын; — оқу жоспарлары мен материалдардың үнемі жаңартылуын; — қажетті ақпаратты іріктей алуын; — сабақ барысында оқытушының жұмысқа жағымды эмоционалды көңілінің болуын; — білімалушыларға сабақ тақырыбын ғана емес, мақсатын, олардың қызметін ұйымдастыру түрін хабарлауын; — үнемі ізденіс үстінде болуын; — әр тақырыптың мағынасын аша алуын; — сабақта білім алуға кедергі жасалмауын; — оқытушының келбетінің (имиджінің) жағымды болуын талап етеді. Сабақтың түрлері

  1. Сабақта жаңа білімді игеру.
  2. Аралас сабақ.
  3. Білім мен іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану (сарамандық, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар)
  4. Білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру.
  5. Оқушылардың білімін тексеру және бағалау (бақылау жұмысы, диктант,  сынақ сабағы, тест арқылы тексеру).

Сабақтың әдістері: 1.Оқытудың түсіндірме-бейнелеу әдісі. 2.Репродуктивтік оқыту әдісі. 3.Проблемалық- ізденушілік оқыту әдісі. 4.Коммуникативтік оқыту әдісі. 5.Рольдік ойындарды қолдана оқыту әдісі. Сабақтың формалары: Дәріс, әңгімелесу, сарамандық-зертханалық сабақ, семинар, киносабақ, саяхат сабағы, өзіндік жұмыс, тренинг, топтық, жұптық, ұжымдық,  бақылау жұмысы, диктант, шығарма, мазмұндама, тест. Мақсат қою Мақсат –  жетуге ұмтылатын нәтиже. Мақсат – сабақтың нәтижесінің мінсіз түрде көрсетілуі. Сабақтың мақсаты – алдын ала жоспарланған  соңғы нәтиже.

Сабақтың үш мақсаты
Білімділік  мақсаты Дамытушылық  мақсаты Тәрбиелік  мақсаты

Білімділік мақсаты төмендегідей талаптардың орындалуынан тұрады:

  1. Білімалушыларды өз бетінше білім алуға дағдыландыру;
  2. Білім алудағы негізгі талаптардың орындалуын қамтамасыз ету. Яғни,  сабақ мазмұнының толықтығын,  саналы түрде меңгерілуін, жүйелілігін, білімнің беріктігін қамтамасыз ету.
  3. Білім, білік, дағдылардың өмірмен байланысын қамтамасыз ету.

Дамытушылық: оқыту кезінде білімалушылардың логикалық ой-өрісін, танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін,  тілін, жадын, ынтасын, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту. Ақпараттық құзыреттілікті дамыту (өз бетінше ақпарат табу, саралау, іріктеу, өзгерту, баға беру, салыстыру, жинақтау, жүйелеу, ақпаратты өңдей білу дағдыларын дамыту) Интеллектуалды мәдениетті дамыту ( ғылыми дүние танымын қалыптастыру) Тәрбиелік: білімалушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру. Рухани адамгершілік тәрбиесі (жауапкершілікке, әділеттілікке шыншылдыққа тәрбиелеу) Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру (сөйлеу мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру) Кәсіби-шығармашылық тәрбие (арнайы, бейінді, ақпараттық, кәсіби қағидаларды қалыптастыру) Азаматтық-партиоттық, құқықтық және полимәдениетті тәрбие (Отанын сүюге, тілін құрметтеуге, патриоттық сананы қалыптастыруға, мәдени қарам –қатынасты қалыптастыруға тәрбиелеу) Жеке қаситеттерін қалыптастыру (жүріс-тұрыс стилін қалыптастыру, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал ету) Эстетикалық тәрбие қалыптастыру(әсемдікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу). Экологиялық тәрбие (табиғатты сүюге,қоршаған ортаны  қорғауға тәрбиелеу) Санитарлық-гигиеналық тәрбие (салауатты өмір-салтын, психикалық тұрақтылықты қалыптастыру). Жыныстық тәрбие.          Мысалы, сабақтың  тақырыбы: Фосфор,физикалық және химиялық қаситеттері, табиғатта таралуы және қолданылуы. Мақсаты: Білімділік: Фосфор элементі, табиғатта таралуы мен қолданылуы, физикалық және химиялық қасиеттерін  сипаттайтын тәжірибелер арқылы  білімді қалыптастыру. Дамытушылық: Химиялық реакция теңдеулерін сипаттап жазу,саралау, салыстыру, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын  дамыту. Тәрбиелік: білімалушыларды  еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Оқыту құралдары Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, анықтамалар, бейнематериалдар, электронды оқу құралдары,  оқу кестелері, дидактикалық  көрнекіліктер т.б. Сабақтың кезеңдері

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
  3. Сабақтың өзектілігін анықтау кезеңі
  4. Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдеренін зерделеу кезеңі
  5. Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдеренін алғашқы тексеру кезеңі (Бекіту)
  6. Үй тапсырмасы туралы мәлімет беру кезеңі
  7. Сабақты қорытындылау кезеңі
  8. Рефлексия

  Ұйымдастыру кезеңінің міндеттері Сәлемдесіп, білім алуға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі Білімалушылардың үй тапсырмасын  толық және түсініп орындауын анықтау. Білімалушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, жою жолын қарастыру. Білімалушылардың үй тапсырмасын  орындамау себептерін анықтап,  ондайжағдайды  болдырмау үшін шара қолдану. Сабақтың өзектілігін анықтау кезеңі Сабақтың тақырыбы хабарланып,  мақсаты қойылады. Білімалушыларды бірлескен  іс-әрекетке кірістіру қамтамасыз етіледі. Білімалушылардың  белсенділігі мен оқу мотивациясы   қамтамасыз етіледі. Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін зерделеу кезеңі Білімалушылардың  жаңа материалды түсініп және саналы қабылдауын қамтамасыз ету. Заңдылықтар, теориялар, ұғымдар, ережелер, анықтамалар т.б. есте сақтауын қамтамасыз ету. Білімалушының білімді меңгеруі төмендегідей принциптерді жүзеге асыру нәтижесінде іске асырылуы керек: Қабылдау  —  Зерделеу (мәнін түсіну) — Есте сақтау —  Қолдану —  Қорыту Егер  оқытушы  осы кезеңді өз деңгейінде өткізсе, келесі деңгей сапалы жауаптармен дәлелденеді.   Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін алғашқы тексеру кезеңі Білімалушылардың тақырыпты  дұрыс және саналы қабылдауын тексеру. Анықталған олқылықтар болса, түзету жұмыстарын ұйымдастыру. Үй тапсырмасы туралы мәлімет беру кезеңі Үй тапсырмасының орындалуы түсіндірілуі керек. Үй тапсырмасы нақты берілуі керек (оқулықтың авторы, беті, тапсырманың №, орындау тәртібі т.б.) Үй тапсырмасының мөлшері сақталуы керек. Сабақты қорытындылау кезеңі Сабақты қорытындылағанда топтың және білімалушының жұмысына баға беріледі. Бағаға комментарий жасалады. Кезең қысқа, нақты жүзеге асуы керек. Рефлексия   Білімалушылар өз іс-әрекеттеріне баға береді. Не үйрендім? Қайда қолдана алам? Сабақ ұнады. Сабақ ұнаған жоқ. Уақытты тиімді пайдалану а) Білімалушылардың жұмысқа деген қабілетінің сабақтың кезеңіне, уақытына,  аптаның күніне тәуелді екенін ескеру қажет. Мысалы 1-минуттан 4-минутқа дейін  білімалушы ақпараттың 60% меңгереді, 5 минуттан -25  минутқа дейін 80%, 25- минуттан35 минутқа дейін  -45%, 35 минуттан 45- минутқа дейін 6% меңгеріледі. б) «Назар дағдарысын» туғызбас үшін жұмыстың түрін  кезектеп ауыстырып (4-7 рет) отыру керек. Ең маңызды ақпаратты сабақ барысында бірнеше рет қайталап тұру керек. Санитарлық гигиеналық талаптардың орындалуы Жарық, жылу, қауіпсіздік техникасы.  ауа және кабинет  тазалығына қойылатын талаптарың орындалуы қажет. Үзіліс сайын оқу кабинеті желдетілуі керек. Кабинеттің тазалығы қамтамасыз етілуі керек. Оқытушының келбеті (имиджі) Кәсіби имидждің — жағымды және жағымсыз жағы қарастырылады. Вербалды — не айтты, қалай айтты,  не жазды; Кинетикалық — өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы; Өлшемдік-келбеті, киім киісі, жинақылығы; Оқытушы мен білімалушының  сабақтағы өзара мәдениеті Педагогикалық әдеп, сөйлеу мәдениеті, дауыс ырғағы, сөз сарыны, жағымды көңіл-күй құруы педагогтың шеберлігі. Оқытушы сөзінің әсерлігі,  тиімді екпінді таңдауы, сөйлеу қарқыны да сабақтың тиімділігін арттыра түсетін факторлардың бірі. Блум таксономиясы Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру білім алушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні — оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді қолдану арқасында білім алушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, білім алушы бойында  қызығушылық тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.

Алматинский колледж телекоммуникаций и машиностроения © 2022 Frontier Theme