Aktim.kz

Қазақстан Республикасы Алматы қ., 050011, Заветная 41. Тел: 8 (727) 2341092 , e-mail: aktim2013@mail.ru

Библиотека

 

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махабатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған “Жырлайды жүрек” кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінің мақсаты: ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы білімалушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

БОЛАШАҚ: Мобильдікте емес, мобильділікте

Жаңа және тез өзгеруші ұтқыр технологиялармен бірлесе қадам басып, әр жастағы оқырмандарда кітапхана қызметтерін пайдалану сезімін ояту үшін кітапханаларда оқырманға арналған қосымша ақпаратты ұсынудың тиімді тәсілі ретінде QR-кодтар белсенді пайдаланылады.

Сондай-ақ, кітаптарды авторларды және кітапхананың өзінің құзыретін дәріптеуге көмектесу үшін жаңартпа технология ретінде де қолданылады

Алматинский колледж телекоммуникаций и машиностроения © 2022 Frontier Theme