https://www.instagram.com/p/DFZct9jIKe7/?igsh=Zzg4aXRidW16dW40
Білімді ұлт сапалы білім беру
Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде 2024 жылдың 22 қарашасында «Білімді ұлт сапалы білім беру» Ұлттық жобасын жүзеге асыру мен достық және сенімді қарым-қатынасты дамытуға өзара ұмтылыс мақсатында колледж және университет арасындағы ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында іс – шара өтті.
Мақсаты: «Ғылым мен білімді интеграциялау мақсатында ҚазҰТЗУ, ҚазАЖИ, ҚазҰАИУ, AKTИM колледжі студенттері, әлеуметтік серіктестер мен мектеп оқушылары арасындағы бірлескен ынтымақтастықты орнату».
Іс-шара барысында аталған мамандықтар бойынша жоғары білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруды мақсат етіп отырған білім алушыларымызға университет студенттері өз оқу орнының трансформацияланған бағыттары жайлы мағлұмат беріп, кәсіби бағдар жұмысын жүргізді.
Бірлескен ынтымақтастықты орнату туралы Меморандумға сәйкес жұмыстарды жүзеге асыра отырып, болашақ жас мамандарды жұмыспен қамту сұрақтарын көтеріп, оқытушылық қызметке тарту жайлы сөз болды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында мектеп оқушыларының сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамытатын және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағытталған квест ойыны ұйымдастырылып, оптикалық кабельді жалғау бойынша мастер-класс ұйымдастырылып, колледжге оқуға түскеннен, жұмысқа орналасқан сәтке дейінгі студенттік өмірдің қызықты сәттеріне толы көрсетілімдер қойылды.